Мақсаты
Тапсырыс берушілердің шағымдары мен апелляцияларын уақтылы шеше отырып, оларға қызмет көрсетудің тиісті сапасын қамтамасыз ету.
Шағымдарды, апелляцияларды және даулы мәселелерді қараудың негізгі қағидаттары:
- өтініш берушілердің заңды мүдделерінің құқықтарын сақтау кепілдіктері;
- қарау кезінде бюрократизм мен сөзбұйдаға салуға жол бермеу;
- шағымдар мен басқа да өтініштер бойынша шешімдерді тиімді қабылдау.
Шағымдарды қарау тәртібі:
Жұмыстың басталуы тапсырыс берушінің шағымдары мен релакмацияларын ұсынуы болып табылады:
- Шағымды тіркеу.
- Шағымды талдау, шағымды қабылдау (бас тарту) туралы шешім қабылдау.
- Шағымды қарау.
- Шағым бойынша шешім қабылдау.
- Түзету іс-шараларын жүргізу (қажет болған жағдайда).
- Түзету әрекеттерінің мониторингі.
- Ескерту әрекеттері (қажет болған жағдайда).
Анонимді өтініштер қарауға жатпайды.
ХӨСО басшылығының негізгі міндеттері:
- шағым мен рекламацияның мән-жайын мұқият түсіну, мәселені объективті шешу үшін басқа да шаралар қолдану;
- шағымдар мен рекламациялар бойынша негізделген шешімдер қабылдау, осы шешімдердің уақтылы және дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;
- өтініш берушіге оның рекламациясы бойынша қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлау, ал бас тартылған жағдайларда қолданыстағы нормативтік актілерге сілтеме жасай отырып, дәлелді негіздеме беру.