Шариғаттың заңды талаптары

Шариғаттың заңды талаптары

Халал дегеніміз – Алла Тағала рұқсат еткен, шариғатқа сай, адал әрі таза нәрсе. Халал (حلال) – араб тілінде рұқсат етілген, адал, заңды деген мағынаны білдіреді. Исламда «халал» сөзі тек тамаққа ғана емес, адам өмірінің барлық саласына қатысты қолданылады.

Харам дегеніміз – Алла Тағала қатаң түрде тыйым салған, шариғатқа қайшы нәрсе. Харам (حرام) – араб тілінде тыйым салынған, рұқсат етілмеген, заңсыз деген мағынаны білдіреді.

 

Құранда келген «халал» және «харам» туралы аяттар:

  1. Айт (уа, Мұхаммед): «Маған уахи етілгендерден тамақтанатын адамға харам етілген нәрсе таппаймын. Тек мынау ғана харам: өлексe (бауыздалмай өлген мал), аққан қан, доңыздың еті ол арам, және Алладан басқа біреудің атымен бауыздалған мал. Ал кім мәжбүр жағдайда қалса, қалауымен емес әрі шектен шықпай жесе, расында Раббың — Кешірімді, Мейірімді».

Әл-Әнғам сүресі, 145-аят (6:145)

 

  1. (Ей, мүміндер!) Алланың аты аталмаған нәрседен жемеңдер. Шынында, бұл – күнә.
    Расында, шайтандар өз жақтастарына сендермен таласу үшін сыбырлайды. Ал егер оларға бойсұнсаңдар, сөзсіз, сендер мүшрик боласыңдар.

Әл-Әнғам сүресі, 121-аят (6:121)

 

  1. Ей, иман келтіргендер! Мас қылатын нәрселер, құмар ойындар, құрбандық тастары және бал ашу жебелері шайтанның істерінен болған арам нәрселер. Олардан аулақ болыңдар, бәлкім, құтыларсыңдар!

Әл-Мәида сүресі, 90-аят (5:90)

 

  1. Алла сендерге тек мыналарды харам етті: өлексені, қанды, доңыздың етін және Алладан басқа біреудің атымен бауыздалған малды. Ал кім мәжбүр жағдайда қалса, қалауымен емес әрі шектен шықпай жесе — оған күнә жоқ. Расында, Алла — Кешірімді, Мейірімді.

Әл-Бақара сүресі, 173-аят (2:173)

 

  1. Айт (уа, Мұхаммед): «Алланың Өз құлдарына берген көркем нәрселерін және таза ризықтарын кім харам етті?» Айт: «Олар бұл дүниеде иман келтіргендерге де (және өзгелерге де) арналған, ал Қиямет күні тек иман келтіргендерге ғана болады». Осылайша Біз аяттарды білетін қауым үшін егжей-тегжейлі түсіндіреміз.

Әл-Ағраф сүресі, 32-аят (7:32)

 

  1. Алланың сендерге берген ризықтарынан халал әрі таза болғанын жеңдер және Алланың нығметтеріне шүкіршілік етіңдер, егер шын мәнінде Оған ғана құлшылық етсеңдер.

Ән-Нахл сүресі, 114-аят (16:114)

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

Телефон WhatsApp