Қызметтер

Біздің қызметтер

services Сертификаттау

Келесі бағыттар бойынша сертификаттау жүргіземіз:

  • Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою;
  • Тағам өнімдері
services Оқыту

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын союмен айналысатын ұйымдар үшін қасапшыларды оқытуды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі мамандарына арналған «Халал» стандарттары мен талаптары бойынша жеке және топтық тренингтер жүргіземіз.

«Халал» сертификаттау

Біз OIC/SMIIC 2 халықаралық талаптарына сәйкес келетін жоғары деңгейдегі «Халал» сертификаттау қызметтерін ұсынамыз.

Сертификаттау бағыттары

Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау аккредиттеу саласына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Тағам өнімдері
  • Қоғамдық тамақтану орындары мен қызметтері
  • Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою қызметі
Сертификаттау құны

«Халал» сертификаттау қызметтерінің тарифтерімен «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады. Қызмет көрсету құны сіз таңдаған сертификаттау схемасы мен бағытына байланысты.

Сертификаттау схемалары

Өтініш берушінің мақсаттарына сәйкес сертификаттау келесілерге қолданылады:

  • Сериялық түрде шығарылатын өнімдерге
  • Өнімдердің шектелген партиясына
«Халал» стандарттары

Біздің орган сертификаттауды тек ресми тіркелген мемлекеттік «Халал» стандарттарына сәйкес жүргізеді:

  • СТ ҚР 3483-2019 «Халал өнімдері. Негізгі ережелер»;
  • СТ ҚР OIC/SMIIC 1-2022 «Халал тамақ өнімдеріне қойылатын жалпы талаптар»;
  • СТ ҚР 3453-2019 «Халал өнімдері. Мал шаруашылығы жануарлары мен құстарды сою қызметін жүзеге асыратын ұйымдар»;
  • СТ ҚР 3485-2019 «Халал өнімдері. Сәйкестіті растайтын рәсімдер тәртібі».
Сертификаттау мерзімі

Сертификаттау мерзімі өнімнің жарамдылық мерзіміне және таңдалған сертификаттау схемасына байланысты. Халал сәйкестік куәлігі 1 жылдан 3 жылға дейін беріледі.

Аудиторлық топ

Бағалауды құрамында техникалық аудитор, ислам мәселелері жөніндегі сарапшы және техникалық сарапшы бар аудиторлық топ жүргізеді. Барлық сарапшылар қажетті білім мен дағдыларға ие және өз құзыреттіліктерін тұрақты түрде растап отырады.

Аудит критерийлері

Аудит критерийлері аудит дәлелдемелерін олармен салыстыру үшін қолданылады. Нақты аудит критерийлері Тапсырыс беруші сертификат алғысы келетін таңдалған «Халал» стандартына байланысты болады.

Оқыту

Кәсіпорындар өз қызметкерлері үшін мемлекеттік «Халал» стандарттарының талаптары бойынша бөлек оқыту курсына тапсырыс бере алады. Біздің орталықтың кәсіби сарапшыларымен оқудан өту «Халал» стандарттарының барлық қыр-сырымен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік береді.

1
Сертификаттауға өтінім беру

Өтініш беруші «Халал» стандартына сәйкестік сертификатын алу мүмкіндігіне алдын ала талдау жүргізу үшін өтінім мен қосымша құжаттарды жолдайды.

2
Шарт жасасу

Клиентке шарт (келісімшарт) және қажетті құжаттар тізімі жіберіледі. Клиент шартқа қол қойып, 100% алдын ала төлем жасайды.

3
Аудит жүргізу

Аудит бағдарламасын құру және аудиттің 1-кезеңін (құжаттар сараптамасы) және 2-кезеңін (өндіріс жағдайын бағалау) өткізу.

4
Түзету әрекеттері

Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда — Өтініш беруші бұзушылықтарды жою бойынша жоспар дайындайды және түзету әрекеттерін орындайды.

5
Өтінім бойынша шешім қабылдау

Шешім қабылдау үшін Сертификаттау комитетінің аудит материалдарын қарауы және «Халал» сертификатын беру.

6
Инспекциялық бақылау

Клиенттің «Халал» стандарты талаптарын орындауын қадағалау мақсатында мерзімді жоспарлы/жоспардан тыс тексерулер жүргізу.

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

Телефон WhatsApp