FAQ

Жиі қойылатын сұрақтар

Халал сертификаты деген не?

Халал сертификаты – кәсіпорынның өнімдері мен қызметтері «Halal» стандарты талаптарына толық сәйкес келетінін растайтын ресми құжат. Бұл құжат өндіріс процесінің әр кезеңінде шариғатқа сай тазалық, адалдық және сапа талаптарының сақталғанын білдіреді.

Сертификат алу үшін қандай құжаттар қажет?

Сертификат алу үшін мына құжаттар қажет:
1. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры атына өтініш;
2. Мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі (ЖК, АҚ немесе ЖШС);
3. Кәсіпорын басышылығының жеке куәлігінің көшірмесі;
4. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі;
5. Ай сайынғы дезинсекция, дератицазия, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетіні туралы анықтама/келісім шарт;
6. Ветеринариялық-санитариялық тұжырымдамасының көшірмесі (ет кәсіпорындарына және қасапханаларға);
7. Сапа менеджменті сертификаттары, ҚР сертификаттары мен декларацияларының және ЕАС/КО техникалық регламенттеріне сәйкес сертификаттардың көшірмелері;
8. Кәсіпорын логотипі PDF, CorelDraw нұсқасында
9. Кәсіпорын өнімдері мен тағам қоспаларының толық тізімі (Word), дайын өнімдердің таңбалануының көшірмесі (PDF) (қаз. рус.)

Сертификаттау процесі қанша уақыт алады?

Сертификаттау мерзімі кәсіпорынның көлеміне, өндіріс ауқымына байланысты.
Жалпы процесс шамамен 3-6 ай аралығында аяқталады.

Халал аудитін кім жүргізеді?

Аудитті «Халал Даму» орталығының арнайы дайындықтан өткен, сертификатталған сарапшы-аудиторлары жүргізеді. Барлық мамандар шариғат талаптары мен халықаралық халал стандарттары бойынша оқу-тәжірибеден өткен.

Халал сертификаты қанша мерзімге жарамды?

«QMDB Halal» сертификаты 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде кәсіпорында бекітілген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс бақылау аудиттері жүргізіледі.

Кәсіпорын халал талаптарына сай болмаса не болады?

Егер аудит барысында сәйкессіздіктер табылса, кәсіпорынға оларды жою үшін уақыт беріледі. Қайта тексеріс нәтижесінде талаптар толық орындалса – сертификат беріледі. Егер талаптар орындалмаса, сертификаттау тоқтатылады.

Халал өнімнің шын мәнінде сертификатталғанын қалай тексеруге болады?

Тұтынушы өнімнің халал екеніне көз жеткізу үшін:
1. Қаптамадағы «QMDB Halal» логотипін тексере алады;
2. «Халал Даму» ресми сайтындағы сертификаттар реестрінен өнімнің немесе компанияның атын енгізіп, тексеру жасай алады;
3. Күмән туындаса, фото/видео жіберіп, біздің WhatsApp немесе Call-орталыққа хабарласа алады.

icon Сұрақтарыңыз қалды ма?
Оларды чатта қойыңыз
faq Қолдау көрсету қызметі 24/7 қызмет көрсету

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

Телефон WhatsApp