ХАЛАЛ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАРИЯЛАНҒАН АҚПАРАТТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨМЕНДЕГІНІ ХАБАРЛАЙМЫЗ
Жаңалықтар

15.05.2026

114

ХАЛАЛ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАРИЯЛАНҒАН АҚПАРАТТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨМЕНДЕГІНІ ХАБАРЛАЙМЫЗ

Кейбір ақпараттық ресурстарда қолданылған «липовые документы», «филькина грамота» секілді тұжырымдар шындыққа сәйкес келмейді және ұйымның іскерлік беделі мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп есептейміз. Халал Даму – ел мұсылмандарының қара шаңырағы болып табылатын қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы ұйым. Толығымен ҚР қолданыстағы заңдары мен шариғат талаптарына сәйкес жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.

Сотта қаралған тек қана «Тулекеев» кәсіпорнына берілген куәлік мәселесіне келер болсақ, бұл жағдай «Халал Даму» ұйымның ішкі СТ ТОО 96090-3-2021 стандарты негізінде ішкі құжат бойынша берілген. Аталған құжаттар мемлекеттік техникалық реттеу жүйесіне жатпайды, сәйкестік сертификаты болып саналмайды және аккредиттеу аттестатына сілтеме жасалуы міндетті емес. «Тулекеев» нысанына берілген құжат дәл осы ішкі стандарт негізінде рәсімделген. Сондықтан олар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы шеңберіндегі сәйкестікті растау құжаттары болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңының 1-бабының – 30) тармақшасына сәйкес, ұйым стандарты – ұйымның өз мақсаттарын іске асыру үшін дербес қабылдаған стандарттау құжаты болып табылады. – ⁠Ал осы баптың 31) тармақшасына сәйкес, ұлттық стандарт – уәкілетті орган бекіткен және кең пайдаланушыларға қолжетімді стандарттау құжаты.

Сондай-ақ, аталған Заңның 19-бабына сәйкес, ұйым стандарттары өнімдерге, процестерге немесе қызметтерге әзірленеді және ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімінде есепке алынбайды әрі тіркелмейді. Ұйым стандарттарын әзірлеу, қабылдау, өзгерту, қайта қарау және қолдану тәртібін ұйымның өзі айқындайды. Ал Заңның 26-бабына сәйкес, ұйым стандарттарына нормативтік құқықтық актілерде сілтеме жасауға жол берілмейді.

Сонымен қатар, елімізде аккредиттеу аттестаты арқылы әрекет ететін бізден басқа тағы бір жекеменшік ұйым (Halal Quality Center ЖШС) бар. Ал, уәкілетті орган тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеруге негіз болған арыз осы Halal Quality Center ЖШС тарапынан түскенін атап өткіміз келеді. Құрметті тұтынушы және халалдың жақтаушысы әрі қарай өзіңіз бағасын беріңіз…

«Техникалық реттеу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік бақылау тек техникалық реттеу саласына жататын өнімдер мен аккредиттелген сәйкестікті бағалау қызметіне ғана қолданылады. Осыған байланысты, аккредиттеу саласына кірмейтін және мемлекеттік сәйкестікті бағалау жүйесіне қатысы жоқ ішкі құжаттарды тексеру уәкілетті орган құзыретінен тыс деп есептейміз. Бұдан бөлек, Халал Дамуға қатысты тексеру жоспардан тыс жүргізілген. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, мұндай тексеру нақты зиян келтіру фактілері болған жағдайда ғана тағайындалуы тиіс. Алайда бұл жағдайда ешқандай зиян келтірілмеген және заң бұзушылық орын алмаған деп санаймыз.

Сот шешіміне сәйкес Халал Дамуды аккредиттеу аттестатынан немесе лицензиясынан айырған жоқ, тек алты ай мерзімге уақытша тоқтатуға шешім қабылданды. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының объективтік жағы толық анықталмаған деп есептейміз және қабылданған шешіммен келіспейміз, бұдан жоғары тұрған сотқа шағым түсірудеміз.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. Бәсекелестің іскерлік беделіне нұқсан келтіруге бағытталған әрекеттер мен қоғамды жаңылыстыратын мәліметтер тарату заң талаптарына қайшы келеді.

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар табылмады

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

HALAL INFO

Телефон WhatsApp